+7 (747) 192-57-69
+7 (700) 777-91-01
+7 (707) 650-50-85

Демалыс

"KHAMA PARK"-те сіз тек салтанатты кештеріңізді ғана емес, сонымен қатар бейресми кештеріңізді де өткізе аласыз.

Lounge bar бейресми кештерді, қызмет бабындағы кездесулерді және жақын адамдар арасында жайлы уақыт өткізуге арналған жер.

Жазғы алаңдар – бұл барлық отбасы мүшелеріне таза ауада керемет тынығып қайтуға мүмкіндік беретін жер.

Ат үстінде отыру белсенді демалысыңызды арттыра түсіп, алуан таңғажайыптарға шомылдырып, жағымды энергия сыйлары сөзсіз.

Біздің кешен тек үлкен жастағы қонақтарымызға ғана емес, сонмен бірге өсіп келе жатқан жас буындарымызға да толыққанды демалыс сыйлайды.

 



Lounge Bar

Жақын адамдарымен жақсы атмосферада тыныш демалысты аңсайтын қонақтарымызға Lounge bar есігі әрқашан ашық. Тамаша ішкі көрінісі достарыңызбен отыруға және де салтанатты кештерді өткізуге лайықты орын. Сонымен қатар, іскерлік кездесулер мен пікірлесулерді жеке арнайы бөлмелерде жүзеге асыруыңызға болады.




Тапшандар мен беседкалар

Сіз шығыс бейнесін біздің жайлы тапшандарда отырып сезіне аласыз. Еуропалық классикалық демалысты сезінгісі келген қонақтарымызға керемет беседкаларымызды ұсынамыз. Бұл сұлулық таңғажайып табиғаттың төрінде орналасқан. "KHAMA PARK"-тің таза ауасында, жұмсақ самал желінде өткізген әрбір уақытыңыз сізді ертегілер әлеміне жеткізеді.




"Горный" кафесі

Көшпенділердің ерекше әлемінде болып, таудың самал ауасымен демалғыңыз келсе негізгі кешенімізге жақын орналасқан біздің кафемізге келіп көріңіз. Киіз үйлер мен тапшандар, таудың әсем табиғаты, қайталанбас табиғат көрінісі күнделікті қарбаластан құтылып жан рахатын сезінуге мүмкіндік береді.




“Аист” кешені

Аумағымызда орналасқан жайлы қонақ үйлер табиғат аясында ұмытылмас демалыс сыйлайды. Кішкентай қонақтарымыз балалар алаңында ойнап жатқанда, сіздер жазғы террассада жанға жайлы уақыттарыңызды өткізе аласыз.




Атпен серуендеу

Атпен серуендеуді ұнататын қонақтарымызға «Ақсай» ипподромындағы күтілген және жуас аттарымызды жалға алуға болады. Ат жалында жақсы отырып үйренгендерге тамаша таудың табиғатында серуендеуді ұсынамыз. Жаныңыз бен тәніңізге пайдалы демалыс сыйлаңыз.